Дербес деректердің құпиялылық саясаты
Осы Дербес деректердің құпиялылық саясаты (бұдан әрі – Құпиялылық саясаты) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалған жария Шарт болып табылады, Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына негізделген және өзара іс-қимыл кезінде Сатушы Сатып алушылар туралы ала алатын дербес деректерді қамтитын ақпаратқа қатысты қолданылады.
1. Терминдерді анықтау
1.1. Дербес деректер – электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдағышта тіркелген, дербес деректер субъектісін айқындауға немесе оның негізінде айқындауға мүмкіндік беретін мәліметтер. 1.2. Жеке емес деректер – Сатып алушының жарнамалық блоктарды қарау және статистикалық жүйе сценарийі орнатылған беттерге кіру барысында автоматты түрде берілетін мәліметтер: сұралған беттің мекенжайы, cookie туралы ақпарат, IP-мекенжай, браузер туралы ақпарат, реферер (алдыңғы беттің мекенжайы), кіру уақыты. 1.3. Дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер. 1.4. Дербес деректерді өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, жекесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған іс-әрекеттер. 1.5. Дербес деректерді қорғау – ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңында белгіленген мақсаттарда жүзеге асырылатын құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қоса алғандағы іс-шаралар кешені. 1.6. Сатушының сайты – http://www.hofmann.kz интернет мекенжайы бар, Сатып алушыларға ұсынылатын тауарлар, сервистер және Сатып алушымен өзара іс-қимыл жасауға арналған мессенджерлерге сілтемелер орналастырылған сайт. 1.7. Сайт сервистері – http://www.hofmann.kz сайтында және оның қосалқы домендерінде пайдалануға қолжетімді барлық қызметтер. 1.8. Сатып алушы – Сатушының тауарларын/қызметтерін сатып алатын Сайт пайдаланушысы. 1.9. Сатушы – HOFMANN сауда атауымен «Kittek Group Kazakhstan» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 1.10. Cookies — Сатып алушының Сайтқа кіруі туралы деректер жазылатын, Сатып алушының себетіндегі тауарлар туралы ақпаратты сақтайтын және Сатып алушыға оның қызығушылықтарына сәйкес тауар жарнамасын ұсынатын шағын мәтіндік файлдар. 1.11. IP-мекенжай — Сатып алушының орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін, IP протоколы бойынша құрылған компьютерлік желідегі түйіннің бірегей желілік мекенжайы. Сатушының сайты орналасқан жерді қала мен облыстан гөрі нақтырақ бақыламайды.
2. Құпиялылық саясатының мәні
2.1. Осы Құпиялылық саясаты тауар сатып алу мақсатында өзара іс-қимыл кезінде Сатып алушы Сатушының сұрауы бойынша беретін дербес деректердің құпиялылығын жарияламау және қорғау режимін қамтамасыз ету жөніндегі Сатушының міндеттемелерін белгілейді. 2.2. Осы Құпиялылық саясаты шеңберінде өңдеуге рұқсат етілген дербес деректерді Сатып алушы Сатушымен өзара іс-қимыл жасау үшін өз еркімен береді және мынадай ақпаратты қамтиды: 2.2.1. Сатып алушының тегі, аты, әкесінің аты (әкесінің аты – қалауы бойынша); 2.2.2. Сатып алушының байланыс телефоны; 2.2.3. электрондық пошта мекенжайы (e-mail); 2.2.4. Тауарды жеткізу мекенжайы. 2.3. Жоғарыда айтылмаған кез келген өзге де жеке ақпарат (сатып алу тарихы және т.б.) осы Құпиялылық саясатының 4.3.2. және 4.4. тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімді сақтауға және таратылмауға жатады.
3. Сатып алушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу мақсаттары
3.1. Сатушы тек Сервистерді ұсыну және/немесе Сатып алушының Сатушы каталогынан Тауар сатып алуы үшін қажетті дербес деректерді жинайды, өңдейді және сақтайды. 3.2. Сатушы Сатып алушының дербес деректерін мынадай мақсаттарда пайдаланады: 3.2.1. тапсырысты ресімдеу және Сатып алушыға тауарды өткізу үшін Сатып алушыны сәйкестендіру; 3.2.2. Сатып алушыдан төлемдерді өңдеу және алу; 3.2.3. Сатып алушыға тауарды жеткізу; 3.2.4. Сатып алушыға сервистік қолдау көрсету; 3.2.5. Сатып алушыға жекелендірілген Сервистер ұсыну; 3.2.6. Сатып алушымен байланысу, оның ішінде Сервистерді пайдалануға, қызметтер көрсетуге қатысты хабарламалар, сұраулар мен ақпарат жіберу, сондай-ақ Сатып алушының сұраулары мен өтінімдерін өңдеу; 3.2.7. Сервистер сапасын, оларды пайдалану ыңғайлылығын жақсарту, жаңа Сервистер мен қызметтерді әзірлеу; 3.2.8. Сатып алушыны өткізілетін іс-шаралар мен акциялар туралы хабардар ету; 3.2.9. жеке емес деректер негізінде статистикалық және өзге де зерттеулер жүргізу, сондай-ақ жарнамалық хабарламаларды оңтайландыру. 3.3. Сатушы Сатып алушы берген мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапкершілік көтермейді.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Сатып алушы міндетті: 4.1.1. Сатушымен өзара іс-қимыл үшін қажетті дербес деректер туралы дұрыс ақпарат беруге; 4.1.2. Өзара іс-қимыл кезінде қате деректер анықталған жағдайда берілген ақпаратты өзгертуге, толықтыруға. 4.1.3. Дербес деректердің өзгергені немесе Сатып алушы мен Сатушының өзара қарым-қатынасына әсер етуі мүмкін басқа өзгерістер туралы Сатушыға дереу хабарлауға. 4.2. Сатып алушының құқығы бар: 4.2.1. сервистер шеңберінде Сатушымен өзара іс-қимыл арқылы кез келген уақытта дербес деректер туралы ақпаратқа қол жеткізуге және оны өңдеуге. 4.2.2. жарнамалық және ақпараттық таратылымдар алудан бас тартуға. 4.3. Сатушы міндетті: 4.3.1. алынған ақпаратты тек осы Құпиялылық саясатының 3-бөлімінде көрсетілген мақсаттарда пайдалануға; 4.3.2. құпия ақпаратты жасырын сақтауды қамтамасыз етуге, Сатып алушының берілген дербес деректерін оның алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жарияламауға, Сатып алушының тапсырысын орындау мақсатында деректерді беруді (курьерлік қызметтерге, пошта байланысы ұйымдарына, банктерге және т.б.), сондай-ақ ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына беруді қоспағанда; 4.3.3. осындай ақпаратты қорғау үшін әдетте қолданылатын тәртіпке сәйкес Сатып алушының дербес деректерінің құпиялылығын қорғау үшін сақтық шараларын қабылдауға. 4.4. Сатушы статистика мақсатында және жарнамалық хабарламаларды оңтайландыру үшін Сатып алушылардың жеке емес деректерін жинауға және талдауға құқылы.
5. Өзге де шарттар
5.1. Сатып алушының Сатушының сайтын пайдалануы осы Құпиялылық саясатымен және Сатушының Сатып алушының дербес деректерін өңдеу шарттарымен оның сөзсіз келісімін білдіреді. 5.2. Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда Сатып алушы Сатушының қызметтерінен бас тартуға құқылы. 5.3. Осы Құпиялылық саясаты тек Сатушының сайтына қолданылады. 5.4. Сатушы ақпарат алу тәсілінің ерекшелігіне байланысты Сатып алушы берген дербес деректердің дұрыстығын тексермейді және олардың өзектілігін бақыламайды. Алайда Сатушы Сатып алушының дұрыс дербес деректер беретінін және осы деректерді өзекті күйде ұстайтынын болжайды. Дұрыс емес немесе өзекті емес дербес деректер берудің барлық жауапкершілігі мен мүмкін салдарын Сатып алушы көтереді. 5.5. Осы Құпиялылық саясатына және Сатып алушы мен Сатушы арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы қолданылады. 5.6. Сатушы ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында осы Құпиялылық саясатына бір жақты өзгерістер енгізу құқығын өзінде қалдырады. 5.7. Осы Құпиялылық саясаты бойынша барлық ұсыныстар немесе сұрақтарды мына мекенжай бойынша хабарлау қажет: info@hofmannofficial.com. 5.8. Сатушы интернетті пайдалану нәтижесінде Сатып алушы туралы ақпаратқа қол жеткізген үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері үшін, интернет желісінің кез келген пайдаланушысына қолжетімді ақпаратты пайдаланудың салдары үшін жауапкершілік көтермейді.